384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл тұрғындарының электр қуатына қарызы 155 млн теңгеден асты

  • 109
  • UPD: 08:20, 13.07.2019
Петропавл тұрғындарының электр қуатына қарызы 155 млн теңгеден асты

Солтүстік қазақстандықтардың электр қуаты үшін қарызы 155 миллион теңгеден асты.

Энергетиктер қазір берешегін өндіріп алу үшін, жүздеген тұрғынның үйлерінде жарықты қиып тастаған. Бүгінгі күні өңірде 412 борышкердің мүлігіне тиым салынды. Ал былтыр сот орындаушылары бес бірдей пәтерді сатылымға шығарған екен.

Оксана Дьяченко, электр энергиясымен қамту кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы:

- Біз тұрғындардың өтініштерін жеке-жеке қарастырамыз. Кездесіп, сөйлесіміз. Егерде тұтынушы қандайда бір қиын жағдайға душар болса, біз арнайы кепілдіктік міндетеме жасаймыз. Соның негізінде ол берешегінен бірте-бірте құтылуы керек. Айта кету керек бүгінгі күні бізге 200 мың теңгеден астам қарызы бар тұрғындар да бар.

Хабар 24 телеарнасы