389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында өзен жағасында ойнаған балалар енді ойын алаңында бой жазатын болды

  • 295
  • UPD: 11:43, 13.07.2019
Алматы облысында өзен жағасында ойнаған балалар енді ойын алаңында бой жазатын болды

Алматы облысында «Туған жер» бағдарламасымен салынған нысандар саны арта түсті.

Көксу ауданы Алғабас ауылында жастар саябағы ашылып, пайдалануға берілді. Мәдени демалыс орнын жергілікті кәсіпкерлер тарту етіп отыр. Іскер азаматтар бұл мақсатқа 45 млн теңге жұмсапты. Қаражатқа балалар ойын алаңы, өнерпаздарға арналған сахна жасалған. Сонымен бірге 200 түп түрлі ағаш көшеті отырғызылып, ауласы абаттандырылды.

Нағима Мұқашева, ауыл тұрғыны:

- Бұрын бізде балалар ойнайтын жер жоқ болатын. Быжы деген өзеніміз бар. Сол жерде ойнайтын. Алаңдап отыратынбыз. Енді қуаныштымыз. Балаларға алаңдамаймыз.

Хабар 24 телеарнасы