386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 50-ден астам проблемалық нысан бар

  • 160
  • UPD: 23:54, 16.07.2019

Бұл туралы үлестік тұрғын үй құрылысына қатысты өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы осы құрылыстарды аяқтауға республикалық бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде аяқсыз қалған 12 нысанның құрылысы бітіп, тұрғындар қоныстандырылған. Мамандар үлестік тұрғын үй құрылысына тек арнайы бекітілген ереже арқылы қатысуға болатындығын түсіндірді. Яғни алдымен кепілдік беру қорына жүгініп, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу қажет. Әрі тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын тартуға мүмкіндік бар.

Бақытжан Қашақов, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:

– Жалпы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін ең алдымен құрылыс салушы мен уәкілетті компания жергілікті әкімдікке тиісті құжаттарын өткізуге міндетті. Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсатты тек әкімдіктер береді. Яғни тұрғын үй құрылысы басталғаннан пайдалануға бергенге дейін қадағалауда болады. Егер құрылыс салушы заңға  сәйкес талаптарды орындамаса, рұқсат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы