386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Әбдіқожа: Халық пікірі қаперге алынуы тиіс

  • 167
  • UPD: 22:51, 18.07.2019

Заманның жылдам түрленіп, жаңғырған дәуірде көш-керуен басын бағыттан адастырмау үшін өміршең саяси жүйе қалыптастыру қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте ел президентінің өзекті мәселелерді қамтыған мәлімдемесі сырбойылықтардың көкейінен шығып отыр. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері ұлт мүддесі мен ұрпақ болашағы және қазақ елінің өркениет жолындағы көшін түзу ұстау үшін қоғам тарапынан айтылған пікірлерді елеп, електен өткізілуі тиіс», – деп санайды ауыл шаруашылығы саласының арадагері Бектұрған Әбдіқожаев. 

Бектұрған Әбдіқожа, Н.Бекежанов ауылы ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– Осы жерде болып жатқан жағдайды жоғары билікке жеткізіп, сол мәселені шешу үшін түбірімен жақсы жолға қою үшін әр деңгейдегі пікірді білген дұрыс. Қоғам ішіндегі өзгерістер, қазіргі жаңалықтар, тез өзгеріп жатқан пікірлер құрылған ұлттық қоғамдық кеңесте қаралып, өз дәрежесінде жоғарыға жетіп, талқыланып жататын болса, онда билік пен халық арасында байланыс орнап, өз шешімін тауып, үйлесіп жатады деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы