384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік полицейлер жүргізушілерді пара бермеуге үйретуде

  • 383
Шымкенттік полицейлер жүргізушілерді пара бермеуге үйретуде vestikavkaza.ru

Тәртіп сақшылары жол ережелерін бұзған әр азаматқа осындай әрекеттің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Пара беру заңмен жазаланады». Бұл сөздерді әр полицей көкейге тоқып, жүргізушілерге жеткізу керек. Инспектор осылай жасамаған жағдайда батальон командиріне қатысты шара қолданылады. Шымкент қалалық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, қызметтік талаптар орындалмаса, тәртіп сақшысы жұмыстан шеттетілуі мүмкін. Бұл бастаманы «Адалдық алаңы» жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесі қолдады. Парамен күрестің бұл тәсілі әзірге Шымкентте қолданыста. Биылғы жылы қылмыстың аталмыш түріне қатысты 9 дерек тіркелген. Көлікті тізгіндеген азаматтар заңға қарсы әрекетін «жуып-шаю» үшін полицейге пара бермекші болған. Ал оны алған екі маман жұмыстан қуылды.

Хабар 24 телеарнасы