386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде есірткі саудасы тыйылмай тұр

  • 157
Елімізде есірткі саудасы тыйылмай тұр

Елорданың өзінде жыл басынан бері дәл осы жағдайға қатысты 82 қылмыстық іс қозғалған.

Әсіресе, есірткінің синтетикалық түрі кеңінен етек жайып барады. Қаскөйлер оның химиялық құрамын өзгертіп, жауаптан сытылудың небір амалдарын қолға алуда. Бірақ соған қарамастан тәртіп сақшылары көктемде ірі есірткі таратушыларды қолға түсірді. Тергеу барысында олардан мыңнан аса қауіпті дәрі табылған. Ал оның сыбайластары Қарағанды мен Алматы қалаларында ұсталды. 

Сергей Ильяных, қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің басшысы:

– Қазір әлемде есірткінің небір түрлері шығып жатыр. Әсіресе, химиялық құрамын барынша күрделендіріп, тергеушілерді шатастыруға тырысады. Осыған байланысты біз арнайы кесте жасадық және ол үнемі жаңадан шыққан есірткі түрлерімен толығып отырады. Соған сәйкес, құрықтау операцияларын жоспарлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы