386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Әбсадық: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі билік пен қоғам арасында диалог құратын жүйеге айналуы тиіс

  • 229
  • UPD: 15:21, 20.07.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі тек саяси мәселелерді шешумен шектеліп қалмағаны жөн, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол билік пен қоғам арасында диалог құратын жүйеге айналуы тиіс. Сондықтан ұлттық кеңес дер кезінде құрылып отыр. Яғни заман тудырып отырған уақыт талабы. Өйткені қоғамда қызу көтеріліп отырған мәселелер жетерлік деп есептейді филология ғылымдарының докторы Алмас Әбсадық.

Алмас Әбсадық, филология ғылымдарының докторы:

– Тіл мәселесі, руханият, сонымен қатар білім жүйесіндегі, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер де көтеріліп, соны шешу жолдары талқыланады деп ойлаймын. Ол президенттің назарына жетіп немесе президенттің қолдауына ие болып, сол жұмыстар әрі қарай қоғамымыздың демократиялық дамуына, жетілуіне өзінің әсерін тигізеді ғой деп санаймын. 

Хабар 24 телеарнасы