386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Надежда Мартынец: Волонтерлік қоғамды белсенді дамытады

  • 175
  • UPD: 16:49, 20.07.2019

Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды Волонтерлер жылы деп жарияланатынын атап өткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдің осы саладағы сарапшылары бұл бастаманы қолдайтындарын айтады. Атап айтқанда, Украина волонтерлік қызмет орталығының медиа бағыты бойынша маманы бұл істің белсенді қоғам құрудағы орны ерекше екенін айтады. Надежда Мартынец «Украина осы бағытты қарқынды дамытып келеді, сондықтан Қазақстан мамандарымен тәжірибе алмасуға әзірміз», – деген пікір білдірді.

Надежда Мартынец, Украина волонтерлік қызмет орталығының медиа бағыты бойынша маманы:

– Біздің тәжірибеміз мол, әлбетте бөлісуге әзірміз. Сіздің ел бұл саланы дамытуды мемлекеттік деңгейде қолға алмақшы екен, бұл өте құптарлық іс. Өйткені әлемнің кез келген елі волонтерлер мен қоғамның белсенді араласуының арқасында ғана өркендей алады. Адамдар көмек көрсетуге әзір болуы тиіс және үкімет қашан жасап береді деп қарап отырмай, жақсылық жасап үйренуді өзіңнен бастағаның дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы