386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МЖӘ аясында 2023 жылға дейін мыңға жуық лагерь ашылады

  • 158
  • UPD: 13:37, 22.07.2019

2023 жылға қарай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы мыңға жуық лагерь ашылады деген жоспар бар.

Онда 500 мыңнан астам бала демалмақ. Мемлекет пен жекеменшік бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалардың басым бөлігі денсаулық сақтау мен білім беру саласына тиесілі. Мәселен, емхана, балабақша, студенттер жатақханасы мен спорт нысандарына кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары. Сала мамандарының айтуынша, бүгінде инвестррлар логистика, энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына да қаржы құя бастаған. Айта кетейік, осы жылдың 1 шілдесіне дейін құны 1 трлн теңгеден асатын 550-ден аса келісімге қол қойылған. 

Мәди Тәкиев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Білім, медицина, спорт саласында жасалған келісімшарттардың көрсеткіші жоғары. Мәселен, білім беруде 276, денсаулық сақтауда 114, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында 65  мәдениет және спорт саласында 49 келісім бар. Ал тек мектепке дейінгі мекемеге қатысты 219 жоба жүзеге асырылып, 30 мыңға жуық бүлдіршін балабақшаға барды.  Енді бұл жүйе оқушылар лагерін ашу барысында да  қолданылмақ.

Хабар 24 телеарнасы