386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жедел жәрдем бригадалары өзара үздіктерді анықтады

  • 157
Елордада жедел жәрдем бригадалары өзара үздіктерді анықтады

Елордада кезекті жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелері командаларының IV республикалық жарысы өтуде.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне, соның ішінде жедел медициналық жәрдем қызметіне баса назар аударылатындығын атап өтті. Ол 2021 жылға дейін соңғы техникамен жабдықталған 800-ге жуық жаңа көлік сатылып алынатынын және 2025 жылға дейін медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 550 мың тг болатынын атап өтті.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Бұл 4-республикалық конкурсты біздің Ұлттық жедел шұғыл медициналық  координация ортылығы өткізуде. Жыл сайын өткізеді. 18 бригада қатысады. Конкурсты оқу мәселесі бойынша қосымша жаңа тренинг өткізуге пайдаланып отырмыз. Көріп отырсыздар, халықаралық деңгейдегі сарапшылар да қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы