386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында ашық қоймалардағы судан сынама алынып, тексерілді

  • 153
  • UPD: 15:25, 23.07.2019
Атырау облысында ашық қоймалардағы судан сынама алынып, тексерілді

Биылғы шомылу маусымында Атырау облысындағы ашық су қоймаларында адам ағзасына зиянды вирустық, бактериялық аурулардың белгілері тіркелген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өңірде, Қамыскөл, Жайық, Қиғаш және Шарон өзендері бойында 52 санитарлық-бақылау бекеті бар. Мұнда мамандар су құрамын үнемі тексеріп, бақылауда ұстайды. Алған сынамалар ұлттық зертханаға жіберіледі. Егер де микробиологиялық, химиялық, паразитиологиялық аурулардың белгілері байқала қалған жағдайда дереу шара қолданылады. «Қазіргі таңда ауыз су көздері мен ашық су қоймаларында  жағдай қалыпты», - дейді мамандар.

Айгүл Ысқақова, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім меңгерушісі:

- Сынама су тартатын нүктелерден алынады. Сонымен қатар жаз айларында реквиация аймағы адамдардың суға шомылуына байланысты. Күні бүгін алынған су сынамалары және топырақ сынамаларынан гигиеналық нормативтен ауытқушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар осы эпидиомиологиялық маусымға байланысты холера вибрионына да су зерттемесін алынды.

Хабар 24 телеарнасы