Солтүстік Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келгендер анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тек бір ғана Қызылжар ауданында тұратын үш бірдей жеке кәсіпкер құжатта өздерінің шын табыстарын азайтып көрсеткен. Осылайша бірнеше ай бойы жәрдемақы алып отырған. Мұндай заңбұзушылықты жұмыспен қамту орталығының мамандары арнайы тексеріс барысында анықтады. Мемлекетке келтірілген шығын жарты миллион теңге шамасында. Шын мұқтаж азаматтарды тиесілі несібісінен қаққандар алған қаржыны қайтарулары тиіс.
Индира Бәженова, ҚР МҚІА облыс бойынша департаментінің бас маманы:
- Бұл азаматтар шынайы кірістерін жасырып қалған. Қазір оларға ескерту жасалды. Енді пысықайлар алған жәрдемақыларын толықтай бюджетке қайтарулары қажет. Өйтпеген жағдайда, материалдар сотқа жіберілетін болады.
Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов