386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елжан Біртанов жараланған инспектордың жағдайы туралы: Өміріне ешқандай қауіп жоқ

  • 202
  • UPD: 15:21, 25.07.2019

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов браконьерлерді ұстау кезінде жарақат алып, ауруханада жатқан «Охотзоопром» ӨБ РМҚК Ақмола филиалы инспекторының жағдайы туралы айтты.

«Инспектордың жағдайына келсек, ол жеке бақылауымда. Қазір оның халі орташа ауыр деңгейде, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Көкшетау қаласындағы ауруханада емделіп жатыр», – деді Елжан Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні Ақмола облысында киікті қорғаған екі инспекторға қарсы оқ атылды. Браконьерлермен арпалыста Қ.Нұртазинов көз жұмды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қ.Нұртазиновты «Айбын» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды. Ал С.Оспанов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

Хабар 24 телеарнасы