386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


17 жастағы оралдық қыздың өмірі бидің арқасында күрт өзгерді

  • 157
  • UPD: 14:20, 26.07.2019
17 жастағы оралдық қыздың өмірі бидің арқасында күрт өзгерді

17 жастағы оралдық Аня Фролованың өмірі бидің арқасында күрт өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бойжеткен қоларбамен билеуден Әлем кубогына әзірленуде. Жарыс 4-10 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте өткізілмекші. Туғаннан сал ауруына шалдыққан Аня биге былтырдан бері ден қойыпты. Жастар мәдениет сарайында мүгедектерді осы өнерге облыстық би спорты федерациясының президенті Рая Берішбаева баулиды. Бір жылдың ішінде мүмкіндігі шектеулі жанның қол жеткен табыстары аз емес. Оның репертуарында вена вальсі, самба, румба, фокстрот сияқты 10-ға жуық би түрі бар. Орал ақпараттық технологиялар колледжінің бірінші курсын бітірген биші қыздың арманы алдағы дүбірлі додада жүлделі орынға іліну.

Алайда, Аняның жарысқа қатысуына қаржы тапшылығы кедергі келтіруде. Сол себепті ол ауқатты азаматтардан көмек күтеді.

Анна Фролова, қала тұрғыны:

Мұндай диагнозбен өмір сүруге әбден болады. Ең алдымен сен өзіңе, жанашыр жандарға керексің. Менің қазіргі мақсатым - Әлем кубогына қатысу. Осы арқылы ел көру, жер көру, бұрын беймәлім болған шаһарларды аралау. Мен биге тек жеңіс үшін қатыспаймын. Ең алдымен мен билеуден ләззат аламын. Мен үшін үлкен бақыт - осы.

Хабар 24 телеарнасы