386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан жолдарын жөндеуге 8 млрд теңге бөлінді

  • 165
Түркістан жолдарын жөндеуге 8 млрд теңге бөлінді

Түркістан қаласында биыл 68 көше жаңа кейіпке енеді деп жоспарланған.

Дәл қазір олардың бойымен жаяу жүргіншілерге арналған және велосипед жүретін жолдар төселіп жатыр. Құрылысшылар қаланың басты көшесін алты жолаққа дейін кеңейтуге кірісті. Оның ұзындығы шамамен 5 шақырымдай болады. Жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталуы тиіс. Одан бөлек, биыл 50-ден астам көше абаттандырылады. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 320 миллион теңге қарастырылған. Қаражат есебінен облыс орталығында шам бағаналары орнатылып, көгалдандыру ісі атқарылады.

Байдолла Оразбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– 4 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл дегеніміз, Түркістан қаласындағы негізгі көшелерде 4 жолақты, салмағы 13-14 тонна аралықтағы ауыр салмақтағы көліктерге есептелген жолдар салынады. Бізде 250-ге жуық жұмысшы мен 100-ден астам ауыр техника жүмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар 60 пайызға анықталды.

Хабар 24 телеарнасы