386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы онкология орталығында ашық есік күні өтті

  • 167
  • UPD: 19:21, 27.07.2019
Елордадағы онкология орталығында ашық есік күні өтті

Қатерлі ісік ауруларының ішінде асқазан обыры сүт бездері рагынан кейін екінші орында тұр.

Оны ерте бастан анықтаған жағдайда тез емдеуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін тұрғындар жүйелі түрде скринигтен өтуі тиіс. Онколог мамандар осылай дейді. Бүгін еліміздегі медициналық мекемелерде ісік алды аурулары мен асқазан обырын ерте кезеңде анықтау мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. Мұндай шара елордадағы онкологиялық орталықта да өтті. Дәрігерлердің айтуынша, бас қаланың өзінде жыл сайын 100-ге жуық адам асқазан рагына шалдығады. Қазірдің өзінде диспансерлік тіркеуде 400-ден астам науқас тұр.

Ербол Жаппаров, Онкологиялық орталықтың диспансерлік бөлім меңгерушісі:

- Өкінішке орай біз кеш анықтап жатамыз. Өйткені көп адамдар қорқып, дәрігерлерге бармай, уақытын созып алады. Негізі жылына профилактикалық қараудан өтіп отырғаны дұрыс болады. Көбінесе қатерлі ісіктердің белгілері жоқ. Білінбей өтеді. Асқазан қатерлі ісігі гастрит сияқты өтуі мүмкін. Көбіне білінбейді. Сондықтан тексеріліп отырған дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы