386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығысқазақстандық іскер әйел тігін цехын ашып, ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр

  • 193
  • UPD: 19:49, 28.07.2019

Шығыс Қазақстан облысында тұратын іскер әйел тігін цехын ашып, бірнеше ауылдасын жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арайлым Мойтанова бизнес жобасын мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен жүзеге асырған. Бүгінде ол іске қосқан шағын өндіріс орны тапсырыстарды аудан көлемінде қабылдауға көшті.

Ауданға танымал кәсіпкер атанғанша Арайлым екі баласын бағып, үйде отырды. Екі қолға бір күрек іздеген ананың жеке кәсіп бастауына қаржының жоқтығы қолбайлау болған. Бала күнгі арманына жетуі үшін ол жұмыспен қамту бөліміне жүгінді. Ұсынған жобасы қысқа мерзімде мақұлданып, қайтарымсыз қаражат алған. 

Арайлым Мойтанова, кәсіпкер:

– 240 мың 500 теңге көлемінде грант алдым. Осы бойынша бизнесімді бастап, ары қарай дамыту үстіндемін. Ары қарай да үлкейту арманым бар. Жасауға заттар, тойға көйлектерге, шторларға да тапсырыс келіп жатады.

Бүгінде ісі өрге басқан тігін цехында бұрын жұмыссыз болған ауыл тұрғындары еңбек етіп жатыр. Жалпы, Тарбағатай ауданында тұратын халықтың өз алдына табыс табуға ынтасы жоғары. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жыл басынан бері 11 адам қаржылай қолдау тауып, өз ісін ашқан.

Ержан Сабырбаев, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары:

– Былтырғы жылы 14 адам алса, соның өзінде бізде 35 адамдай жұмыспен қамтылды. Ол шеберхана ашу, наубайхана ашу жалпы халыққа қызмет көрсету саласы бойынша. Жұмыспен қамтылуға өте мұқтаж азаматтарға үлкен көмек деп ойлаймын.

Айта кетейік, аудан тұрғындарының бизнес ашудан бөлек кәсіптік білім алуына да жағдай жасалған. Қазіргі таңда ауыл жастары жергілікті колледжде еңбекке қайта баулу курстарын тегін оқып, шәкіртақы алады.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы