Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің кей өңірлерінде дизельді отын бағасы негізсіз көтерілген

  • 400
  • UPD: 12:31, 29.07.2019
Еліміздің кей өңірлерінде дизельді отын бағасы негізсіз көтерілген Колёса

Әсіресе, Ақтөбе және Ақмола облыстарында жанар-жағармайдың осы түрі 205 теңгеден сатылды деген ақпарат бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал еліміз бойынша орташа баға 191,7 теңгені құрайды. Энергетика министрлігі дизельді отын бағасы өткен жылдың қазанынан бері өзгермегенін алға тартады және біздегі баға көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен екен. Мәселен, Қырғыстанда ол 57, ал Ресейде 101 теңгеге қымбат сатылады. Осыны пайдаланған алып-сатарлар дизельді отынды заңсыз жолмен көрші елдерге тасымалдауды әдетке айналдырған. Әсіресе, шекаралық аймақтарда бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан бақылау тетіктері күшейтіліп жатыр. Құзырлы министрлік дизельді отын бойынша Қазақстан ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отырғанын және қазіргі таңда ешқандай тапшылық байқалмайтынын хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы