386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Бұқтырма су қоймасына кәріз суы ағып жатыр

  • 121
  • UPD: 14:29, 29.07.2019
ШҚО-да Бұқтырма су қоймасына кәріз суы ағып жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы бұқтырма су қоймасына сол маңдағы демалыс орындарының кәріз суы құйылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шұрық тесілген құбырдан арам судың тура адамдар шомылатын жерге ағып жатқанын жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп жолдаған. Кәріз суын тазартатын қондырғының істен шыққанына да 4-5 жыл болған. Ол туралы барлық құзырлы органдар хабардар. Алайда әзірше ешбір шара қолданылмаған. Тұрғындар судан сынама алып сараптамаға жіберген. Нәтижесінде ішек таяқшалары көбейгені анықталған. Түскен шағым бойынша облыстық экология департаменті мен прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әнет Ахметжанов, заңгер:

- Біз бернеше рет сараптама жасаттық. Соңғы рет сол ағып тұрған жерін видеоға түсіріп алып, суға шомылатын аумақтың суын зертханаға бердік. Нәтижесінде су құрамы бұзылғаны анықталды. Бір литр суда 24 мың  ішек таяқшасы бар екені нақты дәлелденді.

Хабар 24 телеарнасы