385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билеті жоқ жолаушылар перронға жіберілмейтін болады

  • 195
  • UPD: 14:44, 31.07.2019
Билеті жоқ жолаушылар перронға жіберілмейтін болады

Темір жолдағы заңсыз жолаушы тасымалын тоқтату үшін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қаласында тың жоба іске қосылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба бойынша қолында билеті жоқ жолаушылар перронға жіберілмейтін болады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуына қарағанда, осы арқылы билет алмаған жолаушылардың жолсеріктермен келісуіне тосқауыл қойылмақ.

«Биыл бұл жоба бойынша елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы мен Қарағанды вокзалының перрондарына билетсіз адамдардың жақындауына шектеу қойылады. Мұндай бастаманы бұрын да көтергенбіз. Алайда қоғам тарапынан көптеген наразылықтар болған. Бұл бастаманы құқық қорғау органдары да қолдап отыр. Біз де дұрыс деп санаймыз. Тым болмағанда ірі вокзалдардың перрондарына осындай шектеу қойып бастау қажет», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы