386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 5776 үйді жөндеуден негізгі жұмыстар аяқталды

  • 161
  • UPD: 15:23, 31.07.2019
Арыста 5776 үйді жөндеуден негізгі жұмыстар аяқталды

Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 құрылысшылар қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көп қабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр. Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы