385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 16 мыңнан астам оқушыға оқу құралы сыйға беріледі

  • 166
  • UPD: 09:52, 01.08.2019
Ақтөбе облысында 16 мыңнан астам оқушыға оқу құралы сыйға беріледі

Биыл Ақтөбе облысында 16 мыңнан астам бүлдіршінге «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдары мен киім-кешек сыйға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі ірі кәсіпорындар мен қалталы кәсіпкерлер қайырымдылық акциясын дәстүрге айналдырған. Бір ерекшелігі, биыл меценаттар игі іске шілденің алғашқы күндерінен кірісіп кетті. Осы уақыт аралығында 3735 бүлдіршінді толықтай қамтып үлгерген. Әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға душар болған жандарды қолдау аудандарда да белсенді жүргізіліп жатыр.

Райхан Нұрқожаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Бізге көмек көрсету үшін демеушілер қоңырау шалады. Сол кісілерге балалардың тізімін береміз. Сол тізім арқылы демеушілер өздері барып киіндіреді. Базарға барады, өздеріне қажетті киімдерін өлшеп, ұнатқанын алып береді.

Хабар 24 телеарнасы