386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министр М.Мырзағалиев Алакөлге лас су ағызу дерегіне қатысты твит жариялады

  • 166
  • UPD: 15:59, 01.08.2019
Министр М.Мырзағалиев Алакөлге лас су ағызу дерегіне қатысты твит жариялады

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алакөлге қонақүйлердің бірінен лай су ағызу дерегіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы министр Twitter-де жазды: «Министрлік мамандарынан құралған комиссия Алакөлде қонақ үйлердің бірі бассейннен көлге су ағызғанын анықтады. Бұл мүлдем орынсыз жағдай деп санаймын. Оқиға егжей-тегжейлі зерттеліп, кінәлілер жазаланатын болады. Толық ақпарат жарияланады».

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі пайдаланушылары Алакөлге құбыр арқылы лай су ағызылып жатқанын айтып дабыл қаққан болатын. Бейнежазбадағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар. Артынша Алакөл ауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы