386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы жолдар талапқа сай жөнделмейді

  • 146
  • UPD: 19:01, 01.08.2019
ШҚО-дағы жолдар талапқа сай жөнделмейді

Шығыс Қазақстан облысындағы көлік жолдары талапқа сай жөнделмейді. Аймақтағы республикалық және жергілікті маңыздағы 20 мың шақырым жолдың сапасына сараптама жүргізген полиция қызметкерлері осындай тоқтамға келді.

«Қазавтожол» мекемесі мен полиция департаментінің мамандары бірлесіп, көлік нөпірі көп  жолдарды тексеріп шыққан.  Нәтижесінде жолды пайдалану, күтім жасау технологиясы мен белгілер қоюдың өрескел бұзылғаны анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша жолдың сапасына жауапты 130 лауазымды қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жол-жөндейтін коммуналдық кәсіпорындар мен мердігер мекемелерге технологияда кеткен кемшіліктерді қайта қалпына келтіру  үшін бір апта уақыт берілді.

Игорь Клишин, облыстық полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы:

- Жолдағы  өте қауіпті аумақтарға ескерту белгілерін уақыты қойылмайтыны анықталды.  Сонымен қатар  көлік апатына ұшырату қаупі бар  жол бойындағы ойықтарды да дер кезінде жөнделмейтінін дәлелдедік. Осындай кемшіліктерді қалпына келтіру үшін нақты ұсыныстар жасап, оның орындалуын қадағалауға алдық.

Хабар 24 телеарнасы