386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс өзенінің табанын тексеру жұмыстары басталды

  • 168
  • UPD: 22:59, 02.08.2019

Қазақстан теңіз-әскери күштері Арыс өзенінің табанына тексеру, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған арнайы оқытылып, жаттыққан тәжірибелі мамандар кірісіп кетті. Әскерилер бұл жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жасалып отырған шара екендігін айтып отыр.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Қазір табылған жарылғыш заттардың бөлшектері, мотоатқыштар батальонының полигонына жеткізіліп жатыр. Онда қазір бас-аяғы 50 мыңға тарта жарылу қаупі жоқ оқ-дәрі жиналған.

Бұл жер Арыс қаласынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда үйіп-төгілген жарылғыш заттардың бөлшектерін көруге болады. Олардың әрқайсысы шаһардың әр бөлігінен жеткізілген. Саперлер қала мен оның маңайын аз уақыт ішінде тазартып, қауіпті сейілтті. Оқиға кезінде ең қауіпті реактивті снарядтар әскери бөлім аумағында болған. Міне, мына бейнекадрлардан оның қалдықтарын көруге болады.

Мамандар қоймадағы жарылғыш заттардың сауатты әрі дұрыс қаланғандығын айтады. Соның арқасында басым бөлігі жазық далаға түскен. Қалаға қарай арсеналдың тек 20%-і ұшқан көрінеді. Қазір табылған гранаталар мен бөлшектер полигонда іріктеліп жатыр.

Бұл реактивті снарядтар болатын. Көріп тұрғандарыңыздай, ракеталық әскерлердің артиллериясына арналған снарядтар. ПГ- 9, гранаталар болды. Қазір барлығы балқытылуға ғана жарайтын темір үйіндісіне айналған.

Жарылу қаупі жоқ 50 мыңға тарта зат бар. Ал жарылуы мүмкін дегендерін Арыстан 60 шақырым қашықтықтағы арнайы полигонға жеткізіліп, залалсыздандырылып жатыр. Қазір мамандар жарылыс ошағын, яғни қойма аумағын тазартуда. Жуырда Арыс өзенінің табанын тексеру жұмыстары басталады.

Қайдар Қарақұлов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы:

- Арнайы оқудан өткен теңіз-әскери күштерінің мамандары бүгіннен бастап тексеру жұмыстарына кірісіп жатыр. Арыс өзенінің түбі толықтай зерттеліп, сүзгіден өткізіледі. Нақтырақ айтсақ өзеннің 20 шақырым бөлігі.

Арыс қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін 2500 сапер жұмылдырылды. Олар қауіп-қатерге қарамастан күндіз-түні шаһар аумағын тазартты. Қазір бұл жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Бастысы қауіп сейілді.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Катерина Попкова, Нұрмаған Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы