386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында үш айда 9,5 мың адам жұмыстан кеткен

  • 142
  • UPD: 23:07, 08.08.2019
Павлодар облысында үш айда 9,5 мың адам жұмыстан кеткен

Олардың басым бөлігі атқарып жүрген қызметтерінен өз еріктерімен бас тартыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал кейбірі еңбек тәртібін бұзған. Басқа өңірлерге қоныс аударған, зейнетке шығып кеткен адамдардың да орны бос қалып жатыр. Жалпы еңбек тұрақсыздығы көптеген салаларда байқалады. Өндіріс, әлеуметтік мекемелер, мемлекеттік қызметшілер, тіпті лауазымды қызмет басшылары да орындарын босатқан. Кадр тапшылығы әсіресе аудандарда өткір тұрған мәселе. Облыс орталығына жақын орналасқан Успен және Шарбақты аудандарының әкімшілігінде штаттық орындардың 23 проценті бос. Ал Павлодар қаласы әкімінің аппаратында 47 орын бар. Оның 12-сі басшылық қызметтер.

Сәния Хасенова, Мемлекеттік қызмет істері агеттігінің облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы:

– Бүгінгі таңда Павлодар облысында мемлекеттік қызметте 550-ден астам бос орын бар. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарында 320 бос лауазым және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде 239 бос орын бар. Сонымен қатар бос орындардың 16 пайызын басшы қызметкерлер құрайды.

Хабар 24 телеарнасы