386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменнің қоқыс полигоны бықсып жанып жатыр

  • 91
  • UPD: 21:47, 13.08.2019
Өскеменнің қоқыс полигоны бықсып жанып жатыр

Өскеменде қоқыс алаңының жанып жатқанына бүгін үшінші күн. Лапылдап от шықпағанмен, әр жерден бықсып шығып жатқан түтін көп.

Құтқарушылар өртті сөндіру үшін арнайы техниканың көмегімен талай жылдан бері жиналған қоқысты аударуға мәжбүр. Қазір қоқыс полигонының жартысынан көбі аршылды. Шаһарды басқан қалың түтін де сейіле бастады. Қазгидромет өкілдері ауа сынамасын алып, зерттеу жүргізген. Олардың айтуларынша, көміртек оксиді, бензин, бензол сынды қоспалар шектен асқан. Дегенмен тұрғындардың өміріне төнер қауіп жоқ дейді.

Марина Лискова, қалалық өрт сөндіру басқармасының баспасөз хатшысы:

- Өрт сөндірушілер түні бойы сол жерде жұмыс істеді. Өйткені кейбір жерде тұтанып жатқан қоқыстар әлі де кездеседі. Қосымша арнайы техника жұмылдырылып, үйілген қалдықтар аршылып, қайта нығыздалып, үстіне су себіліп жатыр. Осылайша жалынның әрі қарай тұтанбауы үшін барлық шаралар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы