386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақбұлақ өзенінің неден ластанғаны белгілі болды

  • 118
  • UPD: 11:19, 14.08.2019
Ақбұлақ өзенінің неден ластанғаны белгілі болды elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы А.Пушкин көшесі бойында орналасқан теміржол өткел көпірінің маңайында канализациялық сарқынды сулар Ақбұлақ өзенін ластап жатқаны анықталды, деп хабарлайды elorda.info Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экология департаментіне сілтеме жасап.

Аталған факт ҚР Экологиялық кодексінің 225-бабына сәйкес сарқынды суларды ағызу кезінде экологиялық талаптарды бұзу болып табылады.

«Ластану көздерін анықтау үшін Департамент мамандары және коммуналдық мекеме қызметкерлерімен бірлесіп коммиссиялық негізде бақылауға шықты. Тексеру барысында жоғарыда көрсетілген аумақта қалалық коммуникациялық құдықтарынан Ақбұлақ өзеніне алдын ала тазартусыз канализациялық ағынды сулар ағызылатыны анықталды. Ластанудың бұл фактісі қоршаған ортаға зиян келтіруі, халықтың өміріне, денсаулығына және мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін», – делінген департаменттің Facebook парақшасында.

Зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары суды талдау сынамасын іріктеп алды.  

«Анықтау нәтижесі бойынша Ақбұлақ өзенінің темір жол көпірінің астындағы №113 суды талдау хаттамасына сәйкес ингредиенттер бойынша ШРК-дан асып кеткен: жалпы темір және құрғақ қалдық. Сондай-ақ, Ақбұлақ өзені темір жол көпірінің (құдық) жанындағы № 112 суды талдау хаттамасына сәйкес, жалпы темір ингредиенті бойынша артықшылық табылды», – делінген хабарламада.

Департамент Ақбұлақ өзенінің канализациялық сарқынды суларымен ластану фактісін жою бойынша шаралар қабылдамақ.

Хабар 24 телеарнасы