386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


52 адам тірідей өртеніп кеткен автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

  • 621
  • UPD: 16:53, 14.08.2019
52 адам тірідей өртеніп кеткен автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты today.kz

Түркістан облысында Өзбекстанның 52 азаматы тірідей өртеніп кеткен автобустың жүргізушісіне қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты О. М-ны ҚР ҚК-ның 348-бабы, 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», – деп жазылған хабарламада.  Сот ақпараты бойынша, зардап шеккендердің арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.  52 адам мерт болған автобустағы өрттің алдын ала себебі айтылды.

Естеріңізге салсақ, былтыр 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, салдарынан 52 адам қаза тапқан болатын. Автобустан тек бес адам шығып үлгерген еді. Кейін оқиға орнынан суреттер мен видеолар жарияланған.  Қаза тапқандардың бәрі – ер адамдар, олар Намаған облысының тумасы. Арасында ең үлкені 41 жаста болса, ең кішкентайы 19-да еді. Setra маркалы автобус Мехтиев Ордухан Сабироглының атына тіркелген. Онда жолаушыларды тасымалдауға рұқсат қағазы болған. 

Хабар 24 телеарнасы