386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Теңіз» кенішіндегі жұмысшылар ЖИТС жұқтырған

  • 146
  • UPD: 22:22, 14.08.2019
«Теңіз» кенішіндегі жұмысшылар ЖИТС жұқтырған

Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде жұмыс істейтін батысқазақстандық екі азамат ВИЧ дертін жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар вахталық қалашықта қатерлі дертті жұқтырған тағы екі адам болуы мүмкін деп топшылайды. Әзірге аты жаман аурудың ошағы мен қалай таралғаны белгісіз. Жалпы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, облыс бойынша бүгінде иммун тапшылығы синдромына шалдыққандар саны 210-ға жеткен. Оның 18-і биылғы 7 айда тіркелген. Үш жергілікті әйелге қасақана ауру жұқтырған бір шетел азаматы қазір тергеу изоляторында отыр. Ал соңғы жағдайға қатысты қазір дәрігер-эпидемиологтар кешенді тексеру жұмыстарын қалға алды.

Мәншүк Аймұрзиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бүгінгі көрсетілген фактілер бойынша Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығы ары қарай эпидемиологиялық талдау жүргізеді. Соның ішінде «Теңіз» кенішіндегі медициналық мекемелердегі эпидемиологтар осындай жұмыстарды ары қарай сол жерде жұмысын жалғастырады. Қазір ең бастысы - халық арасында және жұмысшылар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту.

Хабар 24 телеарнасы