389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда мектептері компьютермен жабдықталды

  • 297
  • UPD: 22:54, 16.08.2019

Сыр өңірінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектептерді цифрландыру мақсатында қолға алынған жобалар өз нәтижесін бере бастады.

Аймақтағы 293 білім ұясына жеке инвестордың есебінен 8 мың 96 дана компьютер сатып алынған. Мәселен, Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебіне қосымша 80 компьютер бөлініп, информатика, лингафон және мультимедиялық кабинеттер көбейді. Жоба аясында Қызылорда қаласында жаңадан ашылған 5 IT мектеп те компьютерлермен жабдықталды. Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысындағы барлық білім ордасы интернетке қосылған. Аймақта «Күнделік» электронды жүйесі жұмыс істеп тұр.  

Толым Әдепхан, қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының атқарушы директоры:

- Жекеше әріптес 3 жыл аясында әр 3 ай сайын техникалық қызмет көрсетеді мектептерге. Бұл Қазақстан аумағындағы ең алғашқы жоба болып есептелінеді. Біздің ойымызша ол Қазақстанның болашағына деген инвестиция.

Хабар 24 телеарнасы