387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ерекше фотокөрме өтті

  • 161
Қарағандыда ерекше фотокөрме өтті

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше фотокөрме өтті, деп хабарлады «Хабар 24».

Игі шара «Қарағандының бір күні» деп аталады. 7 фотограф тәулік бойы шаһарды аралап жүріп, ең қызықты сәттерді түсіріп алған. Осылайша, Қарағандының 85 жылдығына орай, 85 фотосурет көрмеге қойылды. Олардың арасынан спортшыларды, дәрігерлерді, сәулетшілерді, көшедегі балаларды кездестіруге болады. 

Мейрамгүл Елубаева, музейдің ғылыми-әдістеме бөлімінің жетекшісі:

– Бір күнде Қарағандыдағы әр түрлі көріністерді түсірген. Ол әр түрлі саланы қамтиды. Мәселен, спорт болсын, мәдениет болсын, діни жағы болсын, тіпті қарапайым көшеде алаңсыз ойнап жүрген балаларды да түсіріп, 85 кадрды біздің музейдің қабырғасына алып келіп, көрме жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы