387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада биыл өрттен 12 адам қаза тапқан

  • 156
Елордада биыл өрттен 12 адам қаза тапқан

Елордада жылыту маусымына дайындық жұмыстарының алғашқы кезеңі – өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке секторда орналасқан жер үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарына кірісті. Бұл ретте басымдық әлеуметтің әлсіз тобына жататындар мен көп балалы отбасыларға берілмек. Мамандар электр қондырғыларын қолданғанда не болмаса пеш жаққанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Айта кетейік, жыл басталғалы бері елордада 350-ден астам өрт тіркеліп, 12 адам қаза тапқан. Бұл қайғылы оқиғаларлың тең жартысы жеке секторларда болған. 

Еркін Отарғалымұлы, Байқоңыр аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

– Тұрғын үй секторындағы өрт шығуының негізгі себебі – электр қондырғыларын пайдалану кезінде орын алған өрт қауіпсіздігін бұзушылықтар, сонымен қатар жылыту пештерін пайдалану кезінде орын алған қауіпсіздік бұзушылықтар. Сол себепті қазіргі таңда біздің қызметкерлермен мекенжайлық үгіт-насихат жұмысын жүргізу қолға алынды.

Хабар 24 телеарнасы