387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысының аудандарында арендалық тұрғын үйлер салынып жатыр

  • 172
  • UPD: 08:27, 19.08.2019
Қызылорда облысының аудандарында арендалық тұрғын үйлер салынып жатыр

Арендалық тұрғын үйлер тек облыс орталығында ғана емес, енді аудандарда да салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Қызылорда облысы Қазалы ауданында 6 көпқабатты үй құрылысы жүріп жатыр. Бұл Елбасы тапсырмасы бойынша әзірленген «Нұрлы жер» бағдарламасына сай қолға алынған іс. Жақын арады екі және үш бөлмелі 108 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған қазалылықтарға беріледі. Жоба құны – 1 миллиард теңге. Жалпы ауданда 57 мыңдай тұрғын болса, олардың мыңнан астамы тұрғын үй кезегінде тұр.

Жомарт Сарабек, Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а.

- Алдағы уақытта Қазалыдан Әйтеке би кентінің бас жоспарына сәйкес Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығынан 12 тұрғын үй салу жоспарлануда. Яғни, 12 тұрғын үйде 12 пәтерден болады. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға енгізіліп қойылды.

Хабар 24 телеарнасы