387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайықтың тайыздануынан Оралды сумен қамтуда іркіліс жиілеп кетті

  • 146
  • UPD: 23:25, 19.08.2019

Орал қаласын сумен қамтуда іркілістер жиілеп барады. Өткен демалыс күндері шаһардың бірнеше шағын ауданы сусыз қалды.

Оған Жайық өзенінің тым тайыздап кетуі себеп. Cудың тартылуы салдарынан сорғылар істен шыққан. Абырой болғанда, техникалық жағдай көп ұзамай ретке келтірілген. Мамандар  өзеннің бұлайша тартылуы соңғы рет 2007 жылы байқалғанын айтады. Шілдеден бері дария деңгейі 1 метрге төмендеген.

Захат Қуанышқалиев,  «Жайықжылуқуат» АҚ техникалық директоры:

- Біздің Жайықтан су алатын екі сорғымыз да тоқтап қалды.  Шұғыл түрде «Баржа» деп аталатын апатты-резервті сорғыны іске қостық. Қазір су алу жүйесі қалпына келтірілді. Біз баржаны қозғап тұратын боламыз. Баржа өзеннің тереңдігіне тәуелді емес. Мұндай жағдай енді қайталанбас деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы