387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында дала және орман өрттеріне кінәлілер жазаланды

  • 133
  • UPD: 22:21, 20.08.2019
Ақмола облысында дала және орман өрттеріне кінәлілер жазаланды

Ақмола облысында дала және орман өрттеріне себепші болған адамдарға айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте 76 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың көбісі өрт қауіпсіздігін сақтамаған жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары.

Айта кетейік, биыл аймақта 40 шақты орман және дала өрті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге көп. Ал, зиян шеккен алқаптың көлемі 1 мың гектардан асады.

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

- Орман және дала өрттерінің 90%-і адамдардың селқостығынан немқұрайлығынан пайда болады. Тұрғындар жерге толық сөнбеген темекі тұқылын тастайды, одан қалды табиғат аясына шығып, алау жағады. Ауыл шаруашылығы техникаларынан шыққан ұшқын да өртке себепші болып жатады.

Хабар 24 телеарнасы