386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 1500-ден астам шаруа субсидия кезегінде тұр

  • 131
  • UPD: 22:53, 20.08.2019
Жамбыл облысында 1500-ден астам шаруа субсидия кезегінде тұр

Жамбыл облысында субсидияның уақтылы төленбеуі ауыл шаруашылығы саласына кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан өңірде қант қызылшасы алқабының көлемі төмендеп кеткен. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Марат Бопазов аймаққа сапары кезінде айтты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметі бойынша қазір бір ғана мал шаруашылығы саласында 1500-ден астам шаруа қожалығы субсидия кезегінде тұр. Оларға мемлекет 2,6 миллиард теңге беруі тиіс екен.

Сонымен қатар депутат мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрген кәсіпорындарға да барды. Жылына 2100 тонна өнім өндіретін кондитерлік фабрикада болып, жұмыс барысымен танысты. Жұмысшылармен кездесіп, жаңа өндіріс орнының бәскеге қабілеттілігін арттыруға күш салу қажеттігін тілге тиек етті.

Марат Бопазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауыл шаруашылығында субсидия жағы уақытында берілмей жатыр екен. Облыс жағынан ба? Республика жағынан ба? Агроқаржы, ауыл шаруашылығы министрлігінен бе? Мұндай кемшіліктер бар екен. Әрі қарай келесі облыста қызылшаны салу мөлшері кеміп кеткен. Бұл неге кеміді дейсіз ғой? Өйткені сіз келісімшартқа отырасыз, ана жақта субсидия ақшасы уақытында келмейді.

Хабар 24 телеарнасы