386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ға мүше сегіз елдің рухани мұралары дәріптелмек

  • 115
  • UPD: 23:43, 20.08.2019

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше сегіз елдің 80 ойшылы, ертегілері мен мақал-мәтелдері, деген тақырыппен тың туындылар жарық көрмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастаманы Өзбекстандағы халықтық дипломатия орталығының өкілдері көтеріп отыр. Кітаптар халықаралық қатынастардың жаңа феномені болмақ. Жыл басында ашылған орталық білім мен мәдениетті, спорт пен ғылымды өзара ұштастырмақ ниетте. «Бұған Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында атқарылған іс-шаралар да сеп болды», - дейді орталық қызметкерлері. Бұған дейін қауіпсіздік пен экономикаға көбірек мән беріп келген беделді ұйымның Өзбекстаннан ашылған халықтық дипломатия орталығы, осылайша, қоғамдық мәселеге де көбірек көңіл бөліп отыр.

Рахматулла Назаров, орталық басшысы:

- Тың туындыларды сегіз елдің 88 ертегісі. Сегіз елдің 80 ойшылы және сегіз мың мақал-мәтелдері деп атадық. Бұның барлығы халықтық дипломатияның дамуына негіз болады деп ойлаймын. Туындылар алдымен өзбек тілінде жарық көреді. Сосын орыс және қытай тілдерінде жариялаймыз. Бұл бауырлас елдер арасындағы туыстық қарым-қатынасты арттырып, бір-біріне деген сенімі мен халық арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы