387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы Толыбай көлінде балықтардың қырылуы тоқтады

  • 124
  • UPD: 08:13, 22.08.2019
СҚО-дағы Толыбай көлінде балықтардың қырылуы тоқтады

Солтүстік Қазақстан облысындағы Толыбай көлінде балықтардың қырылуы тоқтады.

Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері хабарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, судан 200 келідей өлген мөңке шығарылып, арнайы орында өртелді. Осыған байланысты комиссия мүшелері су мен балықтың сынамасын алып, сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы жақын күндері белгілі болады. Тұрғындардың айтуынша, су жәндіктерінің қырылуына шаруалардың химиялық өңдеу жұмыстары себеп болуы мүмкін. Жалпы өңірде мыңдай көл бар. Онда балықтың 20 түрі мекен етеді.

Ильдар Кәкімов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Бүгінгі таңда тұрғындарға көлден су алмауға, балығын жемеуге кеңес беремін. Сараптама қорытындысынан кейін оның нақты неден уланғаны анықталып, тиісті нұсқау беріледі.

Хабар 24 телеарнасы