387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

  • 135
  • UPD: 14:00, 22.08.2019
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Алматының тұрақтандыру қорында қазіргі уақытта 2,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, атап айтқанда қант, өсімдік майы мен қарақұмық жармасы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өнімдер баға көтерілген жағдайда тұрғындарға арзан бағамен сатылады. Қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мамандарының айтуынша, азық-түлік тауарларының бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қаладағы 29 сауда орнының бағаларына тұрақты мониторинг жасалады. Сондай-ақ апта сайын қала аудандарында ауыл шаруашылығы тауарларының «Жексенбілік жәрмеңкесі» ұйымдастырылып тұрады.

«Сонымен қатар ет өндірушілермен келісім жасау арқылы сиыр етін бірден қаланың сауда орындарына жеткізу жоспарда бар», - дейді мамандар.

Айта кету керек, әкімдік үстеме бағаны көтермеу үшін ірі сауда орындарына жарты жыл бұрын арзан бағамен көп көлемде азық-түлік тауарын сатып алуды ұсынып отыр. Ол үшін банктік кепілдеме негізінде қарастырылуы тиіс қаражат та бөлінген. Нәтижесінде тұтынушылар азық түлікті нарықтағы бағадан арзанға сатып алды.

Қарлығаш Әбдіжаппарова, қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Азық-түлікке қойылатын үстеме бағаның 100% асып кеткен фактілері де кездесті. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Саудагерлер еш қарсылықсыз бағаны түсірді. Жалпы заң бойынша үстеме бағаны саудагарлер өздері қояды. Ал, әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына үстеме бағаны 15%-тен асырмау туралы заңдық құжат тек 15 тамыздан бастап қана күшіне енді.

Хабар 24 телеарнасы