387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытаудағы туристік форумда қандай мәселелер көтерілді

  • 168
  • UPD: 13:34, 24.08.2019

Ұлт ұясы Ұлытауда халықаралық туристік форум аясында «Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраның туризмді дамытудағы ролі» атты ғылыми-тәжрибелік конференция өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ауқымды шарада қандай мәселелер талқыланды? 

Ардақ Асылханұлы, тілші: 

- Туристік форум жұмысына 200-ге жуық адам қатысты. Арасында 40 мемлекеттің өкілі бар. Кешелі бері ұлы даладағы киелі жерлерді аралап көрген туроператорлар келешекте Ұлытауға туристерді әкелуге ынталы. Ол үшін ең әуелі инфрақұрылымды жақсартып, қызмет көрсету сапасын арттыру керек, ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру қажет деді жиынға қатысқандар. Бұл мәселелер «Отандық туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында» қамтылған. Жалпы, мамандардың айтуынша, Ұлытау аумағында 6 мыңға жуық тарихи-мәдени ескерткіш бар. Алайда қазір соның тек 20 пайызы ғана зерттеліп, мемлекет қоғауына алынған. Қалғаны сыр бүгіп жатыр. Жошы хан мен Алаша хан, Домбауыл кесенелері және қазақтың бірнеше ханы билік жүргізген Хан ордасы осы өлкеде. Тоқтамыс пен Едіге батырдың да жатқан жері осы қарт Ұлытау. Сондықтан бұл өлкеде туризмді дамытудың әлеуеті зор дейді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. 

Ақтоты райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Этнотуризм, экотуризм, зиярат туризмі және өздеріңіз білетіндей, бірнеше туризмнің түрлерін насихаттау мақсатымен осы туризм саласындағы халықаралық және еліміздегі бірінші қатарлы туроператорларды және осы туризмде белгілі ұйымдарды шақырып, насихат жұмыстарын өткізіп жатырмыз. 

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Бұл күні шетелдік компаниялармен отандық туризмді дамытуға бағытталған бірнеше келесім-шартқа қол қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір Ұлытауға жылына 10-12 мың ғана турист келеді екен, алдағы 2-3 жылда оларың санын 100 мыңға жеткізу керек, - дейді форумға делегаттары.

Хабар 24 телеарнасы