385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлдің жағасы мен ондағы коммуналдық шаруашылық жүйесі реттелетін болады

  • 173
  • UPD: 09:43, 25.08.2019
Алакөлдің жағасы мен ондағы коммуналдық шаруашылық жүйесі реттелетін болады ktk.kz

Шығыс Қазақстандағы Алакөлдің жағасында демалушылар саны жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Биыл маусым қорытындысы әлі шығарылмаса да, өткен жылғыдан 40%-тен көп деуге негіз бар», - дейді мамандар. Себебі 2018 жылы Алакөлден бір маусымда түскен салық мөлшері 67 миллион теңге болса, биыл маусым аяқталмай жатып бұл көрсеткіш 110 миллион теңгеге жуықтап қалған. Сарапшылардың айтуынша, демалушылардың 90%-тен астамы қазақстандықтар. Алыс шетелден келгендер Қатонқарағай, Риддер сынды ну орманды аймақтарды аралағанды ұнататын көрінеді. Көршілес ресейліктердің жартысы Бұқтырманы жөн көрсе, біршамасы Алакөлге бет бұрады екен. Сондықтан тұмса табиғаты тамаша өңірдің туристерді тарту межесі жоғары. Бүгінгі күні елде қабылданған туристік саланы дамыту туралы бағдарлама аясында Алакөлдің жағасы мен ондағы коммуналдық шаруашылық жүйесі реттелетін болады. Ол үшін 30 миллиард теңгенің жобасы әзірленуде. Мемлекетттік бағдарлама өлкенің өзге де көрікті демалыс орындарының дамуына қолдау көрсетпек.

Марат Қабақов, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы:

- Бағдарлама аясында Алакөл жағалауы қарқынды дамып келе жаты. Ірі жоба бойынша, атап айтсақ, кәріз желілерін, су құбырларын, әуежайды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр. Тек қана Алакөл емес, сонымен қатар бізде Қатонқарағай,Риддер, Бұқтырма, Глубокое аудандарын да қарқынды дамитын болады.

Хабар 24 телеарнасы