387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада еліміздегі ең ауқымды кітап фестивалі басталды

  • 179
  • UPD: 14:06, 25.08.2019
Елордада еліміздегі ең ауқымды кітап фестивалі басталды

Бас қалада алғаш рет ұйымдастырылған шара 20-дан аса қаламгердің және жүздеген оқырманның басын қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, «жазушылар шатырында» жаңа туындылар таныстырылып, рухани құндылықтар төңірегінде әңгіме өрбіді. Оқырмандар арасында жас та, жасамыс та болды. Олар ақын-жазушылармен еркін сұхбат құрып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бұдан бөлек, фестиваль алаңында әр түрлі буын өкілдеріне арналған кітап жәрмеңкесі мен кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды.

Майра Әлжанова, «Kitap Fest 2019» фестивалінің бас үйлестірушісі:

- Бүгінгі шарада үлкен кітап жәрмеңкесі болады. Оған 20-дан астам кітап дүкендері қатысып отыр. Бұл шара аясында өздерінің жеңілдіктерін ұсынады. Сондай-ақ бүгін кітап алмасу болады. Сіз бұрын оқыған кітаптарыңызды алып келіп, жаңасына алмастырсаңыз болады. Кітап шатыры мен қоғам қайраткерлері шатырында 20-дан астам спикерлер кітапқа байланысты тақырыптарды талқылайды. Және жаңа кітаптарын таныстырады.

Хабар 24 телеарнасы