385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Otbasy Fest фестивалі өтті

  • 151
  • UPD: 05:12, 27.08.2019

Отбасы - мемлекеттің тірегі, қоғамның басты байлығы. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында отбасы фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара аясында балалар ата-аналарымен бірге қуыршақ театрының қойылымын тамашалады. Бүлдіршіндер ән айтып, би биледі. Сондай-ақ саябақта ұйымдастырылған түрлі спорттық ойындарға ат салысып, ептілігі және қайратымен сынға түсті. Фестиваль аясында балалардың өз қолдарымен әртүрлі бұйымдар жасауына мүмкіндік берілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мектеп формасы, балмұздақ пен тәттілер үлестірілді. Күн ұзаққа созылған фестивальде тимбилдинг, аспаздық студия және ұтыс ойындары өткізілді. Отбасы мүшелері бұл күні түрлі саланың білікті мамандары мен дәрігерлерден тегін кеңес алды.

Қайрат керімбеков, қала тұрғыны:

-Мынау күшті іс-шара. Балаларға ойындар тегін. Жақсы жақсы конкурстар өтіп жатыр. Бір-екеуіне мүмкін қатысармыз. Әр баланың ішінде тығылып жатқан өнері болады ғой. Соны шығарып, жұртқа көрсетсек дейміз.

Динара Оралова, қалалық отбасы, балалар және жасөспірімдер ісі жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:

-Отбасының ауызбіршілігі, құндылығы. Мысалы қоғамдағы ажырасулар, көптеген проблемалар болып жатыр. Соны шешу жолы, құндылығы мықты болсын деген мақсатпен осы фестивальді екінші рет өткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы