389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да сұңқар ауламақ болған браконьерлер ұсталды

  • 206
  • UPD: 10:19, 27.08.2019

Табиғат жанашырлары кезекті рейдтік іс-шара кезінде заңды белшесінен басқан қарақшылардың ізіне түсті. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.

«2019 жылғы 9 тамызда сағат 9:00 шамасында рейдтік іс-шара жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Шығыс Қазақстан өңірлік филиалының инспекторлары Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округіне қарасты Бүйрек учаскесінде Митсубиси Паджеро маркалы автокөлігін тоқтатты. Сұңқар құсын заңсыз ауламақ болған көлік басқаруындағы Семей қ. тұрғыны С.К. 1968 ж.т. мен Т.Б. 1965 ж.т. азамат ұсталды», – делінген жазбада.

Сондай-ақ қаскөйлер тізгіндеген темір тұлпардан жыртқыш құстарды аулауға арналған тор, 7 дана кептер құсы мен «Хатсан 125» маркалы мылтық табылып отыр.

Аталған факті Күршім ауданының полиция бөліміне тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы