389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау көшелеріне «ақылды бағдаршам» қойылды

  • 255
  • UPD: 13:48, 27.08.2019
Ақтау көшелеріне «ақылды бағдаршам» қойылды

Ақтауда 26 және 27 шағын аудан аралығындағы көлік жолына ақылды бағдаршам қойылды.

Заманауи үлгідегі құрылғы қазақ, орыс және ағылшын тілінде сөйлеп, жолдан қауіпсіз өтуге болатынын ескертеді. Бағанадағы тетік басылған соң бағдаршам түсі жасылға ауысады. Машиналардың қозғалуына қанша уақыт қалғанын тұрғындарға дауыстап айтып тұрады. Өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы. «Бұрын осы жерде адам қағу дерегі жиі тіркелетін. Бұл жоба мұндай оқиғалардың алдын алады» дейді жол сақшылары. Жоба құны үш млн теңге. Қала қазынасынан қаржы бөлінсе, тағы бір бағдаршам 31-мөлтек аудандағы сауда базарының алдына қойылады. 

Дамир Исмаилов, облыстық ПД АҚПБ жол және техникалық инспекция бөлімшесінің бастығы: 

- Жаяу жүргіншілер тетікті басу арқылы қозғалысты өздері реттеп отырады. Сол арқылы жаяу жүргіншілер өтпесі қауіпсіз болып саналады. Көлік қарқыны ең жоғары деген орындарды таңдап алып, қала әкіміне ұсындық. Ұсыныс өз шешімін тауып қазіргі уақытта қаладағы екі жерге тура осындай интеллектуальды жаяу жүргінші өтпесі салынуда.

Хабар 24 телеарнасы