385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы мектепке дейінгі мекемелерде жоғары білімді маман тапшы

  • 112
  • UPD: 14:11, 28.08.2019
Алматы облысындағы мектепке дейінгі мекемелерде жоғары білімді маман тапшы

Алматы облысындағы мектепке дейінгі мекемелерде жоғары білімді маман тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі күні өңірдегі тәрбиешілердің тең жартысында ғана арнайы диплом бар. Қалғандары өзге сала бойынша білім алған қызметкерлер. Талдықорғанда өткен форумда осы өзекті мәселе көтеріліп, оны шешу жолдары талқыланды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, білікті кадр дайындауға мемлекеттік мекемелермен бірге бала тәрбиесімен айналысатын кәсіпкерлер де ат салысуы керек. Олар өз қызметкерлерінің білімін жетілдіріп, біліктілігін көтеруге қаржы қарастыруы қажет. Жалпы облыс аумағында 4 мыңнан аса балабақша жұмыс істеп тұр. Соның басым бөлігі мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде ашылған. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 98%-і құрап отыр.

Күләнда Батырбекова, облыстық «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары» қауымдастығының директоры:

Біз мемлекетке бұл мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынып отырмыз. Соның ішінде қызметкерлерді арнайы курстардан өткізу, педагогика саласына қызығушылығы мектеп түлектерін оқытып, солардың арасынан үздіктерін таңдап алу керек.

Хабар 24 телеарнасы