387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі млн-нан астам қазақстандық туралы жеке ақпарат кредиттік бюроға табысталды

  • 197
Екі млн-нан астам қазақстандық туралы жеке ақпарат кредиттік бюроға табысталды

2 миллионнан астам адам туралы жеке ақпарат кредиттік бюроға табысталды.

Бұл тізімге көп балалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен тұрмысы төмен жандар еніп отыр. Яғни олардың несие берешегі бар-жоқтығы тексеріліп, ақпарат екінші деңгейлі банктерге беріліп жатыр. Бұған дейін айтылғандай, азаматтардың банктен алған несиесі 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Ерлі-зайыптылардың екеуінде де несие болса, жеке-жеке жабылады. Президент тапсырмасынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әділет министрлігі мен білім және ғылым министрлігі бірлесе жұмыс істеп, әлеуметтік осал топқа жататындар туралы ақпарат жинаған еді. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам несие алушының берешегі жабылатын болды. Айта кетейік, бұл – тек кепілсіз алынған несиеге қатысты жүргізілетін шаралар.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

– eGov порталына азаматтар несие борышы бойынша өз мәртебесін анықтайтын қызмет енгізілді. Кез келген адам борыш жүктемесін жеңілдететіндер тізіміне ене ме, жоқ па сол жерде анықтай алады. Азамат өзінің электронды цифрлы қолтаңбасы арқылы кіріп, порталда авторизация жасап, ЖСН нөмірін енгізіп, жауап алуға болады. Аталмыш сервисті жетілдіріп, кері байланысқа шығу мүмкіндігін қарастырмақпыз. Тізім әлі толық бекітілген жоқ. Егер азамат борышы жеңілдейтін санатқа жататынын дәлелдесе, тізім толықтырылады.

Хабар 24 телеарнасы