Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 111
386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде коллектор қысымын көргендер көбейді

  • 115
  • UPD: 21:34, 29.08.2019

Кейінгі кезде коллекторлардан қысым көргендер көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балағаттап, қорқытып-үркітіп, психологиялық қысым көрсету былай тұрсын, тіпті күш қолданатындары да бар көрінеді. Еліміздегі қоғам белсенділері осылай деп дабыл қағып отыр. Өкініштісі сол – қолданыстағы заңда оларға қатысты жаза тым жеңіл. Осыны білген коллекторлық компания қызметкерлері білгенін істеп жүр. Бұндай жағдайлардың біразы сотқа да жеткен. Бірақ ондайда коллектрлік агенттіктің басшысы емес, қатардағы қызметкерлері қоғамдық жұмысқа тартылумен ғана құтылып кетеді екен.

Тәңірберген Бердоңғар, қоғам белсендісі:

- Қолданыстағы заңда қарапайым адамдардың құқығы дұрыс қорғалмаған. Яғни, коллекторлар олардың ар-намысына тиетін сөздер айтады. Тіпті үйіне барып, ұрып та кетеді. Бізге күнделікті дәл осындай мазмұнда 10 шақты адам хабарласады. Бірқатарын сотқа беріп көрдік. Нәтижесінде олар 110-120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Басқа жаза қарастырылмаған.

Қоғам белсенділері енді коллекторлық қызмет туралы заңдағы кейбір тетіктерді күшейту керектігін айтады. Сосын қолданыстағы құжаттың орындалуын қатаң қадағалау қажет. Әйтпесе, қарапайым адамдар өзін қорғансыз сезініп, коллекторлар қорлығына көне беруге мәжбүр болады.

Айта кетейік, 2019 жылдың мамыр айындағы көрсеткіш бойынша елімізде 156 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. Ал, мойнында несиесі бар қазақстандықтардың 30%-ке жуығы қарызын уақытылы төлей алмай, «қара тізімге» ілігіп жатады.

Жасұлан Рақымғалиев, заңгер:

- Коллектор қарыз берушінің мәселесімен танысып, оны сотқа дейін реттеуге көмектесу керек. Ал, бізде оны балағаттау, қорқыту, күш көрсету деп түсінеді. Басқа да өрескел заң бұзушылықтарға барады. Сондықтан оларға қатысты жазаны күшейтіп, тіпті, бас бостандығынан айыру қажет. Әйтпесе, қазіргі жағдайдың өзгеруі екіталай.

Хабар 24 телеарнасы