386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда заң саласының үздіктері марапатталды

  • 126
  • UPD: 14:34, 30.08.2019

1995 жылы қабылданған конституция Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін жылдамдатты. Сөйтіп, тоқсаныншы жылдардың тоқырауынан шығып, елдің еңсесін тіктеуге ықпал етті.

Талдықорғандағы мерекелік  салтанатты жиында қариялар жағы осындай пікір білдірді. Алқалы басқосуда заң саласы қызметкерлерінің үздіктері марапатталды. 

Ермек Келемсейіт конституция бойынша сайланған ең алғашқы мәжіліс депутаттарының бірі. Халық қалаулысы сол кезде қабылданған заңдардың дені нарықтық экономикаға негізделгенін айтады. Әсіресе, ұлттық қор құру туралы бастаманың ұтымды шешім болғанын  уақыттың өзі дәлелдеген. 

Ермек Келемсейіт, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-  98,99 жылдарда кризис болды. Әлемдік кризис мына Корея,Жапониялар осындай кризиске түсті.  Онан кейін 14,15 жылғы кризис. Осының бәрінен біз аман өттік қой. Жақсы өттік қой. Осының барлығы конституцияда көрсетілген нормаларға байланысты.Міне осы демократиялық бағытта дамып келе жатқанымызды көрсетеді. Конституцияның өміршеңдігін көрсетеді.

Конституция - мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы маңызды құжат. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», және «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп тарихта қалған заңдардың жаңарған нұсқасы. Әрбір адамның бостандығы мен еркіндігінің кепілі.  

Ғабит Тұрсынбай,  ҚХА облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Кеңестік кезеңде Қазақстан достықтың лабараториясы деп әр түрлі этнос өкілдері қоныс тепкен болатын. Әр түрлі этнос өкілдерін бөлмей құқығының сақталуы заңда көрініс тапқан болатын. Міне сол заңның нәтижесінде ұлттардың татулығы бірлігі, еліміздің кемелденіп болашаққа қадам баса беруіне негіз болып отыр. 

1995 жылы қабылданған ата заңымыз 9 тараудан  98 баптан тұрады.  Мерекеде осы басты құжатқа сүйене жұмыс істейтін сала мамандарына құрмет көрсетіліп, үздіктері марапатталды.

Хабар 24 телеарнасы